Жиі қойылатын сұрақтар

Барлық өнімдер туралы сұрақтар

Jet Car автокөлікті несиелендірудің қандай шарттарын ұсынады?

Автокөлікті несиеге сатып алу шарттары келесідей: Алматыда, Шымкентте, Таразда және олардың аймақтарында тіркелген, 18-ден 65 жасқа дейінгі кез-келген Қазақстан Республикасының азаматы несие рәсімдей алады. Несие алуға өтініш беру үшін жеке басыңызды растайтын құжат қажет (жеке куәлік немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты).

Басқа несиелік міндеттемелерім болса, несие алуға бола ма?

Бұл мүмкін болады, егер Сіздің шығыстарыңыздың және басқа қарыздарыңыз бойынша қатынасы Сізге қосымша несиелік міндеттемелер алуға мүмкіндік берілсе.

Досымнан немесе басқа тәуелсіз сатушыдан автокөлік сатып алсам, қандай қадамдар жасауым керек?

Көлікті таңдап, jetcar.kz сайтында немесе жақын орналасқан Jet Car бөлімшесінде өтінім толтырыңыз. Өтінішті бергеннен кейін сіз Jet Car-дан қоңырау немесе SMS түріндегі алдын-ала шешім аласыз. Одан кейін жеке мәліметтеріңізді растау үшін көлік иесімен бірге Jet Car бөлімшесіне хабарласуыңыз керек, сонымен қатар автокөлік сату-сатып алу шартын жасасыңыз және сатып алынған автокөлікке алғашқы төлемді төлеңіз. Автокөлік сатып алу туралы келісім жасасқаннан кейін және алғашқы төлем мөлшерін төлегеннен кейін сіз өз атыңызға автокөлікті тиісті АвтоЦон-ға қайта тіркей аласыз. Келесі қадам - ​​несие шартын және автокөлікті кепілге қою шартын жасау. Несие сатушының шотына беріледі немесе сатушыға несие үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда кепіл келісім шарты АвтоЦон-да тіркелгеннен кейін Jet Car филиалының кассасында қолма-қол беріледі.

Менің несиелік өтінімімнің мақұлданғанын қалай білуге ​​болады?

Сізге өтінім бойынша шешім SMS хабарлама немесе Jet Car қоңырауы түрінде келеді

Өтінім мақұлданғаннан кейін ақша менің шотыма қанша уақыт ішінде аударылады?

Егер кредит толық көлемде мақұлданған болса, ақша сіздің шотыңызға 1жұмыс күн ішінде аударылады.

Автонесиені қай уақытта лауға болады?

Сіз өзіңізге ыңғайлы уақытта өтініш бере аласыз. Өтініштерді күнделікті қарастырамыз, күндізгі 10-нан кешкі сағат 20:00-ге дейін. Несие беру уақыты күндізгі 10-нан кешкі 17:00-ге дейн, дүйсенбі мен жұма күндері аралығында.

Несиені рәсімдеу барысында компанияда комиссиялар болады ма?

Комиссия жоқ

Несиені қолма-қол ақшамен ала аламын ба?

Иә, ала аласыз. Бұл жағдайда несие Jet Car-дың кез-келген бөлімшесінде беріледі.

Мен Jet Car-дан бір уақытта бірнеше несие ала аламын ба, мысалы, автонесие және автокөлік кепілімен несие ала аламын ба?

Болады, егер кірісіңіз бен шығысыңыздың қатынасы Сізге қосымша міндеттеме қабылдауға мүмкіндік беретін болса.

КАСКО сақтандыруы қажет пе?

КАСКО сақтандыруы қажет емес

Көлікті бағалау қалай өтеді?

Көлікті Jet Car-дың кез-келген бөлімшесінде бағалаудан өткізеді.

Менің несие бойынша пайыздық мөлшерлемеім қандай болады?

Несие бойынша ГЭСВ 54,65% -дан аспайды. Сонымен бірге бізде несие беру және қызмет көрсету бойынша комиссиялар жоқ.

Автонесие қалай алуға болады?

Сіз несие алу үшін өтінімді: jetcar.kz сайтында, 7770 тегін нөміріне қоңырау шалып немесе кез-келген Jet Car бөлімшесінде жібере аласыз. Өтінішті бергеннен кейін сіз Jet Car-дан қоңырау немесе SMS түрінде алдын-ала шешім аласыз. Егер өтінім мақұлданса, Сізге қажетті құжаттарды ұсыну және келісімшарттар жасау үшін Jet Car бөлімшесіне келуіңіз қажет.

Автокөлік несиесін қанша жастан алуға болады?

Автокөлік несиесін 18 бен 65 жас аралығындағы адамдар ала алады.

Қай жерде автонесиені рәсімдеуге болады?

Автокөлік несиесін Алматы, Астана мен Шымкенттегі Jet Car-дың бөлімшелерінде ала аласыз.

Автонесие алу үшін қандай құжаттар қажет?

Автокөлік несиесін алу үшін жеке куәлік пен жүргізуші куәлігі қажет.

Ай сайынғы төлемді қалай төлеуге болады?

Несие бойынша ай сайынғы төлемді Сіз үшін ең қолайлы тәсілдермен төлеуге болады:
- Банктік аударым
- Jet Car-дың кез-келген бөлімшесінде касса арқылы қолма-қол ақша салу
- PayBox жүйесін пайдаланып онлайн төлем («Қарызды төлеу» батырмасы біздің сайтымыздың төменгі жағында)
- Сбербанк терминалы арқылы төлем жасау.
Егер сіздің төлеміңіз 1 жұмыс күні ішінде қабылданбаған болса, біз сізге жағдайдың мән-жайын түсіндіру үшін +7 771 748 7156 WhatsApp нөміріне түбіртектің көшірмесін жіберуіңіз қажет.

Мен жасаған төлем қанша уақыт ішінде Jet Car-ға түседі?

- Егер төлем банктік аударыммен жүзеге асырылған болса, онда ақша жіберуші банкпен белгілеген мерзімде Jet Car шотына түсетінін ескеру қажет.
- Jet Car бөлімшесінде касса арқылы қолма-қол ақшамен төлем жасаған кезде төлем бірнеше минут ішінде түседі
- PayBox жүйесі арқылы төлем жасаған кезде қаражат бір жұмыс күні ішінде түседі
- Сбербанк терминалдары арқылы төлем жасаған кезде төлем бір жұмыс күні ішінде түседі

Несиені мерзімінен бұрын төлеуге бола ма және комиссия алынады ма?

Мораторялар мен комиссиялар жоқ, кез-келген уақытта ішінара және толық өтеуге болады.

Егер несие алғаннан кейін байланыс ақпаратым өзгерсе, не істеуім керек?

Байланыс ақпараты өзгерген жағдайда, бізбен тез арада хабарласуыңызды сұраймыз:
- + 7 727 333 10 33 немесе 7770 нөмірлері бойынша (тегін)
- ok@jetfin.kz поштасына хабарлама жіберіңіз
- Jet Car бөлімшесіне хабарласып, жаңа байланыс мәліметтерін беріңіз.

Несиені өтей алмайтын болсам, не істеуге болады?

Бірден бізге хабарласыңыз. Біз сізбен мәселені шешудің барлық мүмкін жолдарын: төлем жасау кестесін қайта қарау, ағымдағы төлемді ішінара төлеу немесе кепілге берілген автомобильді сату мүмкіндігін қарастырамыз.

Jet Car ұсынатын қызметтер туралы ақпарат:
1. Біз автонесиелер мен автокөлік кепілімен (автокепіл) қарызға ақша ұсынамыз. 2. Кредиттеу сомасы: 300 000 теңгеден 15 000 000 теңгеге дейін 3. Борышты өтеу кезеңі: 3 айдан 84 айға дейін 4. Несие бойынша мөлшерлеме (несие сомасына және автокөлік құнына байланысты): ай сайын 3,2%-дан 3,7%-ға дейін, СЖТМ 45,84%-дан 54,65%-ға дейін. Бұл кезде кредит беру және ол бойынша қызмет көрсету үшін ешқандай комиссия алынбайды. Бастапқы жарна 10%-дан 40%-ға дейін. 5. Кредитті мерзімінен бұрын толық немесе жартылай өтеу үшін комиссия 0%.
6. Егер Сіз кредитті уақытылы төлей алмайтын болсаңыз, тез арада бізге хабарласыңыз. Біз сізбен мәселені шешудің барлық ықтимал жолдарын, яғни төлем жасау кестесін, ағымдағы төлемді ішінара өтеу немесе кредит сізге ыңғайлы болмаса, кепілге берілген автомобильді сату мүмкіндігін қарастырамыз. 7. Автонесие үлгісі: мерзімі – 36 ай, автомобильдің бағасы – 3 000 000 теңге, бастапқы жарна – 900 000 теңге, ай сайынғы төлем – 106 493 теңге. 8. Автокепіл үлгісі: мерзімі – 36 ай, қарыз сомасы – 3 000 000 теңге, ай сайынғы төлем – 152 133 теңге.