Автокөлік кепілімен несие

300 000 〒 15 000 000 〒
ай
3 ай 60 ай
Ай сайынғы төлем: 104 290
+7
(?)
Автокөлік кепілімен несие алыңыз

Автокөлік кепілімен несие алыңыз

Көлік кепілімен берілетін несие — ақша қаражатын алу және автокөлікті бұрынғыдай пайдалана беру мүмкіндігі. Жалғыз шектеу: мұндай автокөлікті сатуға немесе айырбастауға болмайды. Шарт қолданыста болатын мерзім ішінде несие сомасын өтеп, сіз қайтадан көліктің толыққанды иесі боласыз.

Jet Car-мен ынтымақтастықтың ыңғайлылығы: операциялардың басым бөлігін қашықтан жүргізуге болады. Сайтта өтінімді рәсімдеу көп дегенде 5 минут уақыт алады. Оны қарастырудың нәтижесі 30 минут ішінде дайын болады.

Содан кейін бөлімшеге келіп, құжаттарға қол қою қажет. Біздің компания Қазақстанда автокөлік кепілімен берілетін ең жылдам несиеге кепілдік береді!

Несиеге автокөлік сатып алу: қалай жұмыс істейді?

Сайт арқылы немесе Jet Car бөлімшесіне келіп, өтінім беріңіз. Алдын ала бағалауды дәл жүргізу үшін өзекті ақпаратты көрсетіңіз.
Jet Car маманының ұсынысын күтіңіз. Өтінім 30 минут ішінде қарастырылады.
Jet Car бөлімшесіне келіп немесе банктік шотыңызға аударылған ақшаңызды алыңыз. Несиені өтеу үшін ай сайын уақытылы төлем жасауды ұмытпаңыз.
Информация

Қаржыландыру талаптары

  • Өтінім берушінің жасы 18-65 жас аралығында болу керек.
  • Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс.
  • Тұратын жері: Алматы, Шымкент, Астана, Тараз және осы облыстардың аймағы
  • Қолданыс мерзімі өтпеген жеке куәлік және жүргізуші куәлігі болуы қажет.
  • Автокөлікке меншік құқығы болуы шарт.
Информация

Өтінімді қарастыру

  • Жарты сағат ішінде
  • Кіріске тәуелсіз
  • Несие тарихы ескерілмейді

Jet Car артықшылықтары

Jet Car — Mogo Group  тәжірибесімен  Қазақстан нарығында сәтті дамып келе жатқан жаңа бренд.  2018 жылдан бастап несие беру және лизинг бойынша қызмет көрсетеді. Осы уақыт ішінде Jet Car қызметтерін 3 000-нан астам адам пайдаланған. Автокөлік кепілімен несие алу немесе басқа қызметтерді пайдалануға шарт жасау үшін компанияның  Алматы және Шымкент қалаларындағы өкілдіктеріне хабарласыңыздар.

Шұғыл ақша қажет, ал көлігіңізді сата алмай жүрсіз бе? Пайдалану құқығын сақтай отырып, автокөлік кепілімен несие алуды ұсынамыз. Уақытыңызды өткізбей, өтінім қалдырыңыз!

Біз тез әрі оңтайлы жұмыс істейміз! Кез-келген клиенттің өтінімін 30 минут ішінде қарастыратынымызға кепілдік береміз! Ақшаны дәл сол күні біздің бөлімшелеріміздің бірінде береміз немесе банктік шотыңызға аударамыз.  

Jet Car қызметтерін пайдалана отырып, Сіз өз автокөлігіңіздің объективті сараптамалық бағасын ала аласыз.  Көлік нарық құнының 70%-на дейін немесе 10 млн теңгеге дейін несие береміз!

Jet Car ұсынатын қызметтер туралы ақпарат:
1. Біз автонесиелер мен автокөлік кепілімен (автокепіл) қарызға ақша ұсынамыз. 2. Кредиттеу сомасы: 300 000 теңгеден 15 000 000 теңгеге дейін 3. Борышты өтеу кезеңі: 3 айдан 84 айға дейін 4. Несие бойынша мөлшерлеме (несие сомасына және автокөлік құнына байланысты): ай сайын 3,2%-дан 3,7%-ға дейін, СЖТМ 45,84%-дан 54,65%-ға дейін. Бұл кезде кредит беру және ол бойынша қызмет көрсету үшін ешқандай комиссия алынбайды. Бастапқы жарна 10%-дан 40%-ға дейін. 5. Кредитті мерзімінен бұрын толық немесе жартылай өтеу үшін комиссия 0%.
6. Егер Сіз кредитті уақытылы төлей алмайтын болсаңыз, тез арада бізге хабарласыңыз. Біз сізбен мәселені шешудің барлық ықтимал жолдарын, яғни төлем жасау кестесін, ағымдағы төлемді ішінара өтеу немесе кредит сізге ыңғайлы болмаса, кепілге берілген автомобильді сату мүмкіндігін қарастырамыз. 7. Автонесие үлгісі: мерзімі – 36 ай, автомобильдің бағасы – 3 000 000 теңге, бастапқы жарна – 900 000 теңге, ай сайынғы төлем – 106 493 теңге. 8. Автокепіл үлгісі: мерзімі – 36 ай, қарыз сомасы – 3 000 000 теңге, ай сайынғы төлем – 152 133 теңге.