Конфиденциалдылық саясаты

«Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)» ЖШС-ның Конфиденциалдылық саясаты

Жалпы қағидалар

«Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)» ЖШС-ның (бұдан әрі – Mogo) Конфиденциалдылық саясаты өз клиенттерінің деректерінің қауіпсіздігі мен конфиденциалдылығы туралы талаптарды сақтау мақсатында әзірленген ішкі нормативтік құжат болып табылады, ол Mogo-ның өз клиенттерінің дербес деректерін өңдеу тәртібін анықтайды.

Mogo-ның Конфиденциалдылық саясаты (бұдан әрі – Конфиденциалдылық саясаты) Mogo және/немесе оның үлестес тұлғалары, оған қоса Mogo тобына кіретін барлық тұлғалар сайттардың, сервистердің, қызметтердің, бағдарламалардың, өнімдердің немесе Mogo қызметтерінің бірін пайдаланған кезде және Mogo Клиенттермен жасалған кез келген келісімдер мен шарттарды орындаған кезде алған тұтынушылар мен клиенттер туралы барлық ақпаратқа қатысты қолданылады. Тұтынушының жоғарыда көрсетілген тұлғалардың бірімен қарым-қатынасы аясында берілген Саясатқа келісімі аталған тұлғалардың барлығына қатысты болады. Mogo сервистерін пайдалану Тұтынушының осы Саясатпен және онда көрсетілген оның жеке ақпаратын өңдеу талаптарымен сөзсіз келісімін білдіреді; бұл талаптармен келіспеген жағдайда, Тұтынушы Сервистерді пайдаланудан алшақ болуы тиіс.

1. Терминдер мен анықтамалар

1) Дербес деректерді өңдеу – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған іс-әрекеттер;

2) Клиент – Өтінімде баяндалып, жасалған ұсыныс (оферта) негізінде 1 (бір) және одан көп Қарыз шартын жасасқан және ол бойынша барлық міндеттемелерін Шартта көрсетілген күннен кешіктірмей толық орындаған, жасы 22 жасқа толған, еңбекке жарамды жеке тұлға, Қазақстан Республикасының азаматы;

3) Mogo тобы – Люксембург Ұлы Герцогтігінде тіркелген Mogo Finance S.A. жауапкершілігі шектеулі бұқаралық серіктестігі және Mogo Finance S.A. тікелей немесе жанама түрде бақылайтын барлық заңды тұлғалар, оған қоса әртүрлі мемлекеттердің аймағында тіркелген еншілес кәсіпорындар;

4) Дербес деректер – айқындалған немесе айқындалатын жеке тұлғаға (дербес деректер субъектісіне) тікелей немесе жанама түрде қатысты, өзге жеке немесе заңды тұлғаға немесе тұлғаларға берілетін кез келген мәліметтер.

2. Клиенттің дербес деректерін басқарушы

2.1. Клиенттің дербес деректерін басқарушы «Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)» ЖШС, БСН: 180940010094, мекенжайы: Алматы қ., A15E3H2 , Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, үй № 77/2, пәтер № 46 (6G).

2.2. Mogo-ның дербес деректерді өңдеуге байланысты мәселелер бойынша байланыс деректері:  +7 727 333 10 33 немесе 7770 (Тегін).

3. Конфиденциалдылық саясатының әрекеті

3.1.Конфиденциалдылық саясаты:

3.1.1. егер Клиент Mogo ұсынатын қызметтерді пайдаланатын болса, немесе пайдалануға ниетті болса, немесе Mogo ұсынатын қызметтерге, оған қоса Саясат заңды күшіне енгенге дейін Клиентпен болған қарым-қатынаста, Mogo-ның бұрынғы және ықтимал клиенттерімен қарым-қатынаста өзгеше жолмен байланысты болса;

3.1.2. Mogo филиалдарының және Mogo-ның клиенттерге қызмет көрсету орындарының тұтынушыларына, сондай-ақ қарым-қатынасында видеобақылау жүргізілетін клиенттеріне;

3.1.3. Mogo сайтын және Mogo-ның мобильді қосымшаларын тұтынушыларға;

3.1.4. жеке тұлғаларға (Клиентке, тұтынушыларға) қызмет көрсетуге байланысты Mogo-ға кез келген ақпаратты беретін және алатын үшінші тұлғаларға (оған қоса байланыстағы тұлғаларға, төлеушілерге, кепіл болушыларға, уәкілетті тұлғаларға және т.б.) қатысты қолданылады.

3.2. Конфиденциалдылық саясаты Клиенттің өз деректерін қандай нысанда (мысалы, Mogo интернет-сайты арқылы, Mogo мобильді қосымшасы арқылы, қағаз бетінде, телефон арқылы немесе электрондық пошта арқылы) хабарлағанына тәуелсіз деректерді өңдеуге қатысты қолданылады, мұндай деректер электронды немесе қағаз түрінде өңделетін болады.

3.3. Mogo Клиент туралы конфиденциалдылыққа және дербес деректерді қорғауға қойылатын талаптарды сақтайды және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V заңының және соған байланысты қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты құру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573 – II заңының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларының талаптарын сақтайды.

3.4. Ұйымның интернеттегі сайтына кірген кезде, Клиент туралы ақпарат алу үшін Mogo өзінің Интернеттегі сайтында куки-файлдарды (ағылшын тілінде: cookies) және ұқсас технологияларды пайдаланады. Куки-файлдар – бұл үлкен емес мәтіндік файлдар, оларға браузер сіздің сайтқа кіргеніңіз туралы деректерді жазады. Куки-файлдар сайттарға өздерінің қонақтарын «жаттап алуға» мүмкіндік береді, яғни сайтқа кірген сайын пароль мен логинді сұрай бермейді. Ұйымның куки-файлдарды қолдануы біздің Клиенттерімізге Интернет-сайтты ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді.

3.5. Кредит алғанға және Mogo-мен шарттық қарым-қатынас орнатқанға дейін Клиент Mogo туралы және Mogo ұсынатын қызметтер туралы ақпаратпен танысуы тиіс, сондай-ақ осы Конфиденциалдылық саясатымен танысуы тиіс. Mogo-ның тапсырмасы бойынша дербес деректерді өңдеумен айналысатын үшінші тұлғалар да Қазақстан Республикасы заңнамасының дербес деректерді өңдеуге қатысты талаптарын сақтауға міндетті.

4. Дербес деректердің санаттары, құқықтық негізі мен мақсаты

4.1. Клиент сайтты ашқан және сайт сервистерін пайдаланған кезде, кредит беру жөнінен Mogo ұсынатын қызметтерді пайдалану барысында Mogo Клиенттің дербес деректерін ала алады. Сонымен қатар  Mogo деректерді үшінші тұлғалардан – Кредиттік бюролардан, зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтардан және өзге ұйымдардан (бұдан әрі – үшінші тұлғалар) алуға құқылы. Mogo беретін, алатын және өңдейтін дербес деректердің келесі санаттары бар:

 

Дербес деректерді өңдеудің мақсаты Дербес деректерді өңдеудің құқықтық негізі Өңделетін дербес деректер

Шартты орындау, соның ішінде:

1. Шартты жасау.

2. Клиенттің тұлғасын сәйкестендіру.

3. Өтінімді әрі қарай қарастыру үшін клиент туралы қажетті ақпаратты алу мақсатында дербес деректерді Кредиттік бюроларға және зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа, сондай-ақ өзге үшінші тұлғаларға беру.

4. Клиент ұсынған ақпаратты тексеру. 

5. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүргізуді реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді орындау.

Өңдеу негізі:

1. Қарыз шартын жасасқан кезде, шарт жасаудың алдында, шарт қолданыста болатын кезеңде және шарт мерзімі аяқталғаннан кейін Клиенттің өтініші бойынша орындалатын іс-әрекеттер.

2. Қолданыстағы заңнаманың талаптарын орындау.

3. Mogo-ның Клиенттің төлем жасауға қабілеттілігін және кредит беру үшін кредиттік тарихын бағалауға мүмкіндік беретін заңды талаптары.

 

Өңделетін дербес деректер

Клиенттің сәйкестендіру деректері (мысалы, аты, тегі, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), туған күні мен жылы, жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың деректері, үшінші тұлғалардың деректері және т.б.)

Байланыс ақпараты (мысалы, мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі және т.б.)

Көлік құралына байланысты деректер (мысалы, тіркеу нөмірі, шасси нөмірі, маркасы, жылы, иесінің деректері, тұтынушының деректері, айыппұлдар және т.б.)

Сөйлесу жазбаларының деректері (мысалы, Mogo-ның клиенттерге қызмет көрсету телефондары арқылы жасалған сөйлесулердің жазбасын тыңдау, күні мен уақыты және т.б.)

Кәсіби деректер (мысалы, білімі, жұмыс орны, айналысатын қызметі және т.б.)

Қаржы ақпараты (мысалы, міндеттемелер, кірісі, мүлкі, төлем тәртібі, асырауындағы тұлғалар туралы және т.б. ақпарат)

Клиенттің ақша қаражатының көзі туралы ақпарат (мысалы, жұмыс беруші туралы, кәсіпкерлік қызмет туралы ақпарат, банктік шоттан алынған үзінді көшірме немесе Mogo-ның қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын жылыстаудың, терроризмді қаржыландырудың алдын алу мақсатында Клиенттің деректерін тексеруіне мүмкіндік беретін өзге деректер.

Міндеттемелердің тиісті дәрежеде орындалуының талаптары туралы деректер (мысалы, Клиентпен шарт жасалғаны және жасалған шарттың тоқтатылғаны туралы ақпарат, шарттар бойынша міндеттемелердің орындалғаны (орындалмағаны) туралы, олардың бұзу туралы, Клиент ұсынған өтінімдер туралы, сұраулар мен арыздар, мүдделер туралы, қызметтерге төлем жасалуы туралы ақпарат және т.б.)

Клиентпен жасалған шарттар бойынша талап ету құқықтарын табыстау (ықтимал инвесторларға табыстау үшін олардың ұсыныстары) және қаржыландыру тарту

Өңдеу негізі:

1. Mogo-ның жасалған шарттардан туындайтын Клиенттен талап ету құқығын қайта табыстау бойынша заңды мүддесі.   

2. Mogo-ның бизнесті дамыту үшін қаржыландыру тарту бойынша заңды мүддесі.

3. Қолданыстағы заңнаманың талаптарын орындау.

Клиенттің сәйкестендіру деректері (мысалы, аты, тегі, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), туған күні мен жылы, жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың деректері, үшінші тұлғалардың деректері және т.б.)

Байланыс ақпараты (мысалы, мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі және т.б.)

Көлік құралына байланысты деректер (мысалы, тіркеу нөмірі, шасси нөмірі, маркасы, жылы, иесінің деректері, тұтынушының деректері, айыппұлдар және т.б.)

Сөйлесу жазбаларының деректері (мысалы, Mogo-ның клиенттерге қызмет көрсету телефондары арқылы жасалған сөйлесулердің жазбасын тыңдау, күні мен уақыты және т.б.)

Келісім туралы ақпарат (мысалы, берілген келісім туралы белгі, мазмұны, күні мен уақыты, ақпарат көзі және т.б.)

Кәсіби деректер (мысалы, білімі, жұмыс орны, айналысатын қызметі және т.б.)

Қаржы ақпараты (мысалы, міндеттемелер, кірісі, мүлкі, төлем тәртібі, асырауындағы тұлғалар туралы және т.б. ақпарат)

Клиенттің ақша қаражатының көзі туралы ақпарат (мысалы, жұмыс беруші туралы, кәсіпкерлік қызмет туралы ақпарат, банктік шоттан алынған үзінді көшірме немесе Mogo-ның қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын жылыстаудың, терроризмді қаржыландырудың алдын алу мақсатында Клиенттің деректерін тексеруіне мүмкіндік беретін өзге деректер.

Міндеттемелердің тиісті дәрежеде орындалуының талаптары туралы деректер (мысалы, Клиентпен шарт жасалғаны және жасалған шарттың тоқтатылғаны туралы ақпарат, шарттар бойынша міндеттемелердің орындалғаны (орындалмағаны) туралы, оларды бұзу туралы,  Клиент ұсынған өтінімдер туралы, сұраулар мен арыздар, мүдделер туралы, қызметтерге төлем жасалуы туралы ақпарат және т.б.)

Нормативтік актілерде көзделген міндеттерді орындаған кезде алынған және/немесе туындаған деректер (мысалы, тергеу органдарынан/тұлғалардан, алқаби нотариустардан, салық әкімшілігі мекемелерінен, соттардан, алқаби сот орындаушыларынан алынған ақпаратты сұраудан туындаған деректер, кіріс, кредиттік міндеттемелер, тиесілі мүлік, деректер базаларындағы белгілер мен тарихи белгілер, сондай-ақ кредиттік міндеттемелердің қалдықтары туралы деректер және т.б.)

Клиенттерді Mogo-ға, Mogo ұсынатын қызметтерге, Mogo-ның жарнамасына (автоматты түрде шешім қабылдауды және/немесе бейіндеуді пайдаланып немесе пайдаланбай), Mogo-ның іскерлік серіктестеріне байланысты ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар Клиенттерді Mogo-ның қызметтерін жақсарту және Клиентке статистикалық талдау жасау үшін Клиенттердің қанағаттануы туралы пікіртеріммен қамтамасыз ету үшін. Кредит алушы бір және нақты мақсат үшін өзінің дербес деректерін өңдеуге келісімін берді.

Клиенттің сәйкестендіру деректері (мысалы, аты, тегі, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), туған күні мен жылы, жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың деректері, үшінші тұлғалардың деректері және т.б.)

Байланыс ақпараты (мысалы, мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі және т.б.)

Көлік құралына байланысты деректер (мысалы, тіркеу нөмірі, шасси нөмірі, маркасы, жылы, иесінің деректері, тұтынушының деректері, айыппұлдар және т.б.)

Кәсіби деректер (мысалы, білімі, жұмыс орны, айналысатын қызметі және т.б.)

Қаржы ақпараты (мысалы, міндеттемелер, кірісі, мүлкі, төлем тәртібі, асырауындағы тұлғалар туралы және т.б. ақпарат)  

Клиенттің ақша қаражатының көзі туралы ақпарат (мысалы, жұмыс беруші туралы, кәсіпкерлік қызмет туралы ақпарат, банктік шоттан алынған үзінді көшірме немесе  Mogo-ның қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын жылыстаудың, терроризмді қаржыландырудың алдын алу мақсатында Клиенттің деректерін тексеруіне мүмкіндік беретін өзге деректер.

Міндеттемелердің тиісті дәрежеде орындалуының талаптары туралы деректер (мысалы, Клиентпен шарт жасалғаны және жасалған шарттың тоқтатылғаны туралы ақпарат, шарттар бойынша міндеттемелердің орындалғаны (орындалмағаны) туралы, олардың бұзу туралы,  Клиент ұсынған өтінімдер туралы, сұраулар мен арыздар, мүдделер туралы, қызметтерге төлем жасалуы туралы ақпарат және т.б.)

Дәлелдерді сақтау Өңдеудің негізі – деректерді өңдеуді жүргізген кезде келісімнің алынғанын дәлелдеу мақсатында өз мүддесі мен құқықтарын сақтау жөніндегі заңды мүдде.

Сөйлесу жазбаларының деректері (мысалы, Mogo-ның клиенттерге қызмет көрсету телефондары арқылы жасалған сөйлесулердің жазбасын тыңдау, күні мен уақыты және т.б.)

Келісім туралы ақпарат (мысалы, берілген келісім туралы белгі, мазмұны, күні мен уақыты, ақпарат көзі және т.б.)

Mogo сайтын, Интернет-сайттың жұмысын талдау, оларды әзірлеу және оларға жақсартулар енгізу. Өңдеудің негізі – Mogo сайтының жұмысын жақсарту жөніндегі заңды мүдде. Mogo-ның Интернет-сайтында жасалған іс-әрекеттер (мысалы, айпи мекенжайы, орындалған іс-әрекеттің атауы, Интернет-сайттың тарауы, күні мен уақыты және т.б.)

Mogo қызметтерін жақсарту, жаңа қызметтерді әзірлеу.

Mogo қолданатын төлем жасауға қабілеттілікті бағалау әдістемесін жақсарту үшін және статистикалық зерттеулер үшін.

Өңдеудің негізі – клиенттердің әдеттерінің, қалауларының және қанағаттануының негізінде қызметтердің сапасын жақсарту және жаңа өнімдер әзірлеу жөніндегі заңды мүдде. Клиенттің қызмет көрсету саласы, әдеттері, қалаулары мен қанағаттануы туралы деректер (мысалы, Кредит алушының жасы, қызметтерді қайтара пайдалануы, қанағаттануы және т.б.)
Mogo қызметтерін жарнамалау Өңдеудің негізі – қолданыстағы заңнаманың талаптарын орындау. Лотереяларға, ойындарға, акцияларға немесе кампанияларға қатысуы туралы деректер (мысалы, алынған тармақтар, ойындарда, лотереяларда немесе акцияларда алынған ұтыстар және т.б.)


4.2. Клиент өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындай алмайды деген тәуекелдің туындауының алдын алу мақсатында, сондай-ақ оның төлем жасауға қабілеттілігін бағалау мақсатында Mogo Клиенттің деректерін және өзге ақпаратты төмендегілерге беруге және олардан алуға құқылы:
4.2.1. «Бірінші Кредиттік Бюро» ЖШС (алу: клиенттің кредиттік тарихы туралы ақпарат);

4.2.2. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (алу: кіріс туралы ақпарат);

4.2.4. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдар (беру: тұтынушы туралы белгі; аты, тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі және шарттың нөмірі, аванстық шот нөмірі; және алу: көлік құралы туралы ақпарат: тіркеу ақпараты, техникалық тексеру туралы ақпарат; иесі мен тұтынушы туралы ақпарат: аты, тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі, бұзу есебін жүргізу пункттері, төленбеген ақшалай айыппұлдар, жүргізуге тыйым салу, медициналық анықтама туралы ақпарат және т.б.).

4.3. Әлеуметтік сақтандыру бойынша мемлекеттік агенттіктің анықтамасын Клиенттің өзі ұсынған жағдайда, Mogo алаяқтыққа және алаяқтық жасау бойынша әрекеттерге жол бермеу жөніндегі заңды мүдделердің негізінде іскерлік серіктестерінен Клиенттің деректерін және өзге ақпаратты алуға және беруге құқылы;
4.5. Клиент өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындай алмайды деген тәуекелдің туындауының алдын алу жөніндегі заңды мүддесінің, сондай-ақ оның төлем жасауға қабілеттілігін бағалау мақсатында Mogo Клиенттің деректерін және Клиенттің кредиттік тарихы туралы өзге ақпаратты бюроларға беруге және олардан алуға құқылы;

4.6. Mogo жоғарыда көрсетілгендердің кез келгенін өзі Клиентке қызмет көрсету, тәуекелдерді басқару және Mogo-ның заңды мүдделерінің негізінде статистикалық және қаржылық талдау жасау үшін Mogo  пайдаланатын технологиялық шешімдерді, қызметтер мен модельдерді тексеру және жақсарту үшін пайдаланады немесе пайдалана алады.

5. Дербес деректерді алушылар

5.1. Төмендегілерді қоса алғанда, бірақ бұлармен шектелмей, дербес деректерді:

5.1.1. қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес ақпарат беру талап етілген жағдайларда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, оған қоса құқық қорғау органдарына, сот орындаушыларына, соттарға, нотариустарға, салық органдарына және т.б.;

5.1.2. Mogo тобына кіретін заңды тұлғаларға; 

5.1.3. кредиттік мекемелерге және қаржы институттарына, сақтандыру компанияларының өкілдеріне; 

5.1.4. аудиторларға, юрисконсульттарға, қаржы консультанттарына немесе Mogo бекіткен дербес деректерді өңдеушілерге; 

5.1.5. қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес дербес деректерді қамтитын немесе тасымалдайтын тіркелімді, мысалы, кредиттік тіркелімді, тұрғындардың тіркелімін, коммерциялық және өзге тіркелімдерді жүргізетін үшінші тұлғаларға; 

5.1.6. талап ету құқығын табыстауға (цессия) сәйкес коллекторлық агенттіктерге немесе өзге заңды тұлғаларға, соттарға, сотқа дейінгі тәртіппен дауларды шешу (медиация); 

5.1.7. Клиенттің Mogo алдындағы міндеттемелерінің тиісті дәрежеде орындалатынына кепіл болатын өзге тұлғаларға, мысалы, кепіл болушылар, кепілгерлер, кепіл берушілер;

5.1.8. қолданыстағы заңнамаға және Mogo клиенттерімен жасалған шарттарға сәйкес белгіленген тәртіппен және талаптармен өзге тұлғаларға беруге болады.

5.2. Mogo Mogo тобындағы өкілдіктерін немесе өзінің іскерлік серіктестерін (үшінші тұлғаларды) Клиентпен жасалған шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын білікті және оперативті түрде қамтамасыз ету үшін жекелеген іс-әрекеттерді орындауға уәкілеттеуге құқылы.

5.3. Тапсырмаларды орындай отырып, Mogo тобының өкілдері немесе іскерлік серіктестер Клиенттің Mogo-ға тапсырылған дербес деректерін өңдейді, дербес деректерді өңдеу операторлары болып есептеледі және Mogo Клиенттерінің деректер қорына қол жеткізу құқығына ие болады.

5.4. Mogo-ның іскерлік серіктестері және Mogo тобының өкілдері (дербес деректерді өңдеуші дәрежесіндегі) Mogo-ның талаптарына және құқықтық актілеріне сәйкес дербес деректерді өңдеу және қорғау талаптарын орындауды қамтамасыз етеді және дербес деректерді Mogo-ның тапсырмасы бойынша Клиентпен жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан өзге мақсаттарға пайдаланбайды.

5.5. Келесі жағдайлардан, яғни:

5.5.1. Деректерді беру Клиентпен шарт жасау және оны орындау үшін қажет болған;

5.5.2. Деректерді беру Клиенттің мүддесінде шарт жасау және оны орындау үшін қажет болған;

5.5.3. Деректерді беру қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес рұқсат етілген; 

5.5.4. Клиент деректерді беруге өз келісімін берген жағдайлардан басқа кезде, Mogo Клиенттің дербес деректерін ұйымдарға немесе кез келген үшінші тұлғаға бермеуге міндеттенеді.

5.6. Өзге мемлекетке берілген Клиентті сәйкестендіретін ақпаратқа қатысты сәйкес мемлекеттің нормативтік актілері, оған қоса мемлекеттің қауіпсіздігі, терроризммен күрес туралы нормативтік актілері қолданылады, олар құқық қорғау органдарына және қадағалаушы ұйымдарға жеке тұлғалардың қолдарындағы ақпаратқа қол жеткізу құқығын береді.

6. Клиенттің деректерін жазу

6.1. Mogo Клиент байланыс құралдарын (мысалы, телефон, компьютер желісі және т.б.) пайдалана отырып жүргізген барлық операцияларды жазып отыруға құқылы: клиенттерге қызмет көрсету бойынша жүргізілген жұмыстардың сапасын бағалау үшін, туындауы мүмкін шағымдар мен дауларды тиімді әрі объективті түрде шешу үшін және Клиенттің операцияларын, байланыс құралдары арқылы берілген ұсыныстарын дәлелдеу үшін, сондай-ақ Конфиденциалдылық саясатының 4.1.-тармағында көзделген мақсаттарда Клиенттердің деректерін жөнелту. 

6.2. Mogo-ның және Клиенттің материалдық құндылықтарын қорғау, сондай-ақ Mogo-ның жұмыскерлерінің, қонақтарының, тұтынушыларының және Клиенттерінің нақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Mogo адамдардың қимыл-қозғалысын, іс-әрекеттерін және Mogo қолданатын аймақта (Mogo-ның қызмет көрсету орындарында, жұмыс жайларында, автомашиналарды сату орындарында және т.б.) болып жатқан басқа іс-әрекеттерді қадағалау үшін бақылау жабдықтарын пайдалануға және қадағалауды электронды түрде жазып алуға құқылы. Өз міндеттерін орындауды және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ Клиент жүргізген операцияларды және/немесе жасалған заңсыз іс-әрекетті және/немесе Клиент Mogo компаниясына тигізген залалды дәлелдеу үшін Mogo жоғарыда көрсетілген тәсілмен алынған деректерді пайдалануға құқылы.

7. Бейіндеу және автоматтандырылған түрде шешім қабылдау​​​​​​​

7.1. Бейіндеу – бұл дербес деректерді автоматты түрде өңдеу, оны Mogo Клиенттің белгілі бір жеке белгілерін бағалау үшін, әсіресе Клиенттің төлем жасауға қабілеттілігіне талдау жасау және оны көздеу үшін және т.б. қолданады.

7.2. Бейіндеу нәтижесінде Mogo Клиентті бағалап, клиенттердің белгілі бір санатына жатқызады, соның нәтижесінде Клиент үшін арнайы өнім немесе ұсыныс (оның ішінде тиімдірек өнімдер немесе ұсыныстар) жасалады немесе жеңілдіктер ескеріледі.

7.3. Бейіндеу Клиентке консультация берген кезде талдау жасау үшін, дербестендірілген коммерциялық ұсыныстарды әзірлеу үшін, автоматтандырылған шешім қабылдау үшін қолданылады. Мысалы, Клиенттің өтінімін қалай жедел қарастыру қажет екенін анықтау үшін Mogo төлем жасауға қабілеттілігін және кредит беру туралы шешімнің тәуекелін, сондай-ақ кредиттің максималды сомасын айқындауды автоматтандырылған түрде бағалауды жүргізеді және бұл баға Mogo-ның заңды мүддесіне негізделеді.

7.4. Іс-әрекет тәсіліне байланысты өңделген деректердің санаттары (бейінделген немесе бейінделмеген коммерциялық хабарлама, төлем жасауға қабілеттіліктің немесе тәуекелдің бағасы және т.б.) келесі топтарға жіктеледі, бірақ бұнымен шектелмейді: 

7.4.1. Сәйкестендіру деректері (мысалы, аты, тегі және т.б.),

7.4.2. Байланыс ақпараты (мысалы, мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі және т.б.), 

7.4.3. Көлік құралына байланысты деректер (мысалы, тіркеу нөмірі, шасси нөмірі, маркасы, жылы, түсі және т.б.),

7.4.4. Кәсіби деректер (мысалы, білімі, жұмыс орны, айналысатын қызметі және т.б.),

7.4.5. Қаржылық ақпарат (мысалы, міндеттемелері, кірісі, төлем жасау тәртібі, асырауындағы тұлғалар туралы ақпарат және т.б.).

7.4.6. Міндеттемелерді орындауға байланысты жағдайлар туралы деректер (мысалы, Клиентпен жасалған және тоқтатылған шарттар туралы ақпарат, шарттар бойынша міндеттемелердің орындалғаны (орындалмағаны) туралы, олардың бұзылғаны туралы ақпарат және т.б.).

7.4.7. Нормативтік актілерде көзделген міндеттерді орындаған кезде алынған және/немесе туындаған деректер (мысалы, кіріс, кредиттік міндеттемелер, тиесілі мүлік, сондай-ақ кредиттік міндеттемелердің қалдықтары туралы деректер және т.б.) және Клиентке нақты бір ұсыныспен дербестендірілген коммерциялық хабарлама жөнелту туралы шешім қабылдаған кезде көмектесуі мүмкін және Мogo иелік ететін өзге де деректер. 

7.5. Егер автоматтандырылған түрде қабылданған шешімнің салдары болатын болса немесе ол ұқсас түрде Клиентке ықпал ететін болса, Клиент шешімді, оған қоса бейіндеуді тұтастай автоматтандырылған түрде қабылдамауға құқылы. Егер шешім қабылдау Клиентпен шарт жасау және оны орындау үшін, егер шешім қабылдау қолданылатын нормативтік актілерге сәйкес рұқсат етілген болса немесе Клиент өз келісімін берген болса, мұндай құқықтың күші болмайды.

8. Дербес деректерді сақтау мерзімінің ұзақтығы ​​​​​​​

8.1. Төмендегі критерийлердің біреуі болатын болса, яғни:

8.1.1. Клиентпен жасалған шарт қолданыста болатын мерзім ішінде; 

8.1.2. қолданыстағы заңнаманың нормаларында белгіленген тәртіппен, Клиент немесе Mogo өздерінің заңды мүдделерін іске асыра алатын болса (мысалы, шағым айту немесе сотқа талап арыз беру);

8.1.3. тараптардың біреуі заң бойынша деректерді сақтауға міндетті болса; 

8.1.4. егер деректерді өңдеу үшін өзге заңды негіз болмаса, Клиенттің дербес деректерді өңдеуге сәйкес келісімінің күші болса, Mogo Клиенттің дербес деректерін сақтайды және өңдейді.

8.2. Көрсетілген жағдайлар тоқтаған кезде, Клиенттің дербес деректері жойылады.

9. Клиенттің деректер субъектісі ретіндегі құқықтары

9.1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Клиент Mogo-дан өзінің дербес деректеріне қол жеткізу құқығын сұрауға, сондай-ақ Mogo-дан оларды толықтыруды, түзетуді, жоюды немесе Клиентке қатысты өңдеуді шектеуді, немесе дербес деректерді өңдеуге қарсы шағындану құқығын, сондай-ақ деректерді көшіру құқығын сұрауға құқылы. Өз құқықтарын іске асыруға рұқсат сұрауды төмендегі тәсілдердің бірімен жүргізуге болады:

9.1.1. электрондық қолтаңбамен қол қойылған сұрауды info@mogo.kz электронддық пошта мекенжайына жөнелту;

9.1.2. Mogo филиалдарына жеке өзі келіп, жеке тұлғасын куәландыратын құжатты көрсету арқылы.

9.2. Клиенттің өз құқықтарын іске асыруға сұрауын алғаннан кейін, Mogo Клиенттің тұлғасын сәйкестендіреді, сұрауды бағалайды және оны ішкі құжаттарға және қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес орындайды. 

9.3. Mogo Клиент көрсеткен жауап алу тәсілін мүмкіндігінше назарға ала отырып, оған қоса Клиентпен жасалған шартқа сәйкес жауапты Клиентке оның көрсетілген байланыс мекенжайына тапсырысты хат түрінде поштамен немесе, техникалық мүмкіндігі болса, электронды түрде жөнелтеді.

9.4. Қолданыстағы заңнамаға және ішкі құжаттарға сәйкес Mogo деректерді өңдеуді және оларды қорғау талаптарын орындауды қамтамасыз етеді және Клиенттің шағымы болған жағдайда, мәселені шешу үшін мақсатқа сай іс-әрекеттерді орындайды.

9.5. Өзінің дербес деректерін өңдеуге кез келген келісімін Клиент Mogo-ның Интернет-сайттары арқылы қызмет көрсетуге өтініш түрінде, сондай-ақ Mogo-ның телефон қоңыраулары орталықтарына телефон соғып немесе Mogo-ның бөлімшелеріне жеке өзі келіп бере алады.

9.6. Дербестендірілген және/немесе коммерциялық хабарламаларды алуға берілген келісім оны қайтарып алғанға дейін (сондай-ақ кредит шарты жасалған болса, оның әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін) күшінде болады.

9.7. Дербестендірілген және/немесе коммерциялық хабарламаларды алуға берілген келісімнен төменде көрсетілген тәсілдердің кез келгенімен бас тартуға болады:

9.7.1. info@mogo.kz электрондық пошта мекенжайына хабарлама жіберу;

9.7.2: +7 727 333 10 33  немесе 77 70 (Тегін) телефоны арқылы Клиенттерге қызмет көрсету орталығына хабарласу;

9.7.3. жұмыс уақытында Mogo филиалына жеке өзі келу;

9.7.4. құрылғыларда хабарлама алу параметрлерін өзгерту.

9.8. “Mogo” ЖШС Клиенттің сұрауын өңдеу аяқталғаннан кейін дербестендірілген және/немесе коммерциялық хабарламаларды жөнелтуді тоқтатады. Сұрауды өңдеу технологиялық мүмкіндіктерге тәуелді және 1 (бір) күнтізбелік айға дейін алады.

9.9. Клиент өзінің:

9.9.1. дербестендірілген коммерциялық хабарламаларды алуға берілген келісімін қайтарып алғанда, жалпы сипаттағы коммерциялық хабарламаларды алып отырады, бірақ олар Клиенттің жеке қажеттіліктеріне және оның жағдайларына сәйкес жөнелтілмейді;

9.9.2. жалпы сипаттағы коммерциялық хабарламаларды алуға берілген келісімін қайтарып алғанда, Клиенттің жеке қажеттіліктеріне және оның жағдайларына сәйкес жөнелтілетін дербестендірілген коммерциялық хабарламаларды алып тұрады;

9.9.3. дербестендірілген және жалпы сипаттағы коммерциялық хабарламаларды алуға берілген келісімін қайтарып алғанда, ешқандай коммерциялық хабарламаларды алмайды. 

9.10. Кез келген келісімді қайтарып алу Клиенттің келісімі әлі күшінде болған кезде жасалған деректерді өңдеуге кері ықпал етпейді. Сонымен қатар келісімді қайтарып алған кезде, өзге құқықтық негіздермен жүргізілетін деректерді өңдеу тоқтатылмайтынына назар аударуды өтінеміз.

10. Үшінші тұлғалардың Интернет-сайттарына сілтеме​​​​​​​

10.1. Mogo-ның Интернет-сайтында үшінші тұлғалардың Интернет-сайттарына сілтеме болады. Мұндай Интернет-сайттарда дербес деректерді қорғау жөніндегі өз ережелері болады, олармен Клиент сәйкес Интернет-сайттқа кірген кезде танысады. Mogo үшінші тұлғалардың Интернет-сайттары мен олардың мазмұны үшін жауап бермейді.

11. Клиентпен қарым-қатынас жасау

11.1. Клиент көрсеткен байланыс ақпаратын (телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, пошта мекенжайы) пайдалана отырып, Mogo Клиентпен қарым-қатынас жасайды.

12. Конфиденциалдылық саясатындағы өзгерістер ​​​​​​​

12.1. Сәйкес өзгерістер туралы өзгерістер күшіне енетін күннен кемінде бір ай бұрын Mogo клиенттеріне қызмет көрсету орындарында, Mogo сайтында, пошта арқылы немесе өзге жолмен, мысалы бұқаралық ақпарат құралдарында Клиенттерге хабар бере отырып, Mogo кез келген сәтте қолданылатын нормативтік актілерге сәйкес осы Конфиденциалдылық саясатына біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге құқылы. Өзекті ақпаратпен танысу үшін Mogo-ның Интернет-сайтына жиі кіріп тұруға кеңес береміз. ​​​​​​​

Jet Car ұсынатын қызметтер туралы ақпарат:
1. Біз автонесиелер мен автокөлік кепілімен (автокепіл) қарызға ақша ұсынамыз. 2. Кредиттеу сомасы: 300 000 теңгеден 15 000 000 теңгеге дейін 3. Борышты өтеу кезеңі: 3 айдан 84 айға дейін 4. Несие бойынша мөлшерлеме (несие сомасына және автокөлік құнына байланысты): ай сайын 3,2%-дан 3,7%-ға дейін, СЖТМ 45,84%-дан 54,65%-ға дейін. Бұл кезде кредит беру және ол бойынша қызмет көрсету үшін ешқандай комиссия алынбайды. Бастапқы жарна 10%-дан 40%-ға дейін. 5. Кредитті мерзімінен бұрын толық немесе жартылай өтеу үшін комиссия 0%.
6. Егер Сіз кредитті уақытылы төлей алмайтын болсаңыз, тез арада бізге хабарласыңыз. Біз сізбен мәселені шешудің барлық ықтимал жолдарын, яғни төлем жасау кестесін, ағымдағы төлемді ішінара өтеу немесе кредит сізге ыңғайлы болмаса, кепілге берілген автомобильді сату мүмкіндігін қарастырамыз. 7. Автонесие үлгісі: мерзімі – 36 ай, автомобильдің бағасы – 3 000 000 теңге, бастапқы жарна – 900 000 теңге, ай сайынғы төлем – 106 493 теңге. 8. Автокепіл үлгісі: мерзімі – 36 ай, қарыз сомасы – 3 000 000 теңге, ай сайынғы төлем – 152 133 теңге.